🇰🇿 Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Төлеби ауданында санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру бағытындағы сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
✅ Сенбілік барысында көшелер, саябақтар, скверлер, қоғамдық орындар мен жол жиектері қоқыстан тазартылып, арамшөптер шабылып, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында көріктендіру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
📌 Таза әрі көрікті қоршаған ортаны қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осыған орай аудан тұрғындарын туған өлкенің тазалығын сақтауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және сенбілік жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 
