Аудандық ішкі саясат бөлімнің “Жастар ресурстық орталығы” КММ — нің ұйымдастыруымен және ерікті жастардың қатысуымен “Төлеби жастары нашақорлыққа қарсы” атты акция ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты — нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Акция барысында “Жастар ресурстық орталығы” мамандары акция аясында жастарға үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме парақшаларын және кепка таратты. Ерікті жастар өз ойларын ортаға салып, бұл дерттен сақ болуға шақырды.

от admin