Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, NEET санатындағы жұмыссыз жастарды қолдау және олардың санын азайту мақсатында аудан көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағытта 18-35 жас аралығындағы жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік бағдарламаларға тарту мақсатында “Есіктен есікке” акциясы ұйымдастырылды.
Акция аясында Леңгір қаласының жастарымен жеке кездесулер өткізіліп, олардың әлеуметтік жағдайы зерделенді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан ұсынылатын қолдау шаралары кеңінен түсіндіріліп, ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді.
Әрбір жас – қоғамның маңызды бөлігі. Сондықтан олардың жұмысқа орналасуына және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолдау көрсету – басты міндеттердің бірі.

от admin