Төлеби ауданында «TUR WORKOUT» жобасы аясында жастар арасында «Тәртіпке тартыл» атты белтемірге тартылу сайысы жоғары деңгейде өтті.
Жарыс барысында жастар белтемірге тартылу және күштік жаттығулар бойынша өзара бақ сынасып, өздерінің спорттық дайындықтары мен шеберліктерін көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың, лудоманияның және қаржылық алаяқтықтың алдын алу.
Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!
