Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №8 колледж студенттеріне мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға арнайы ақпараттық қағаздар таратылып, жастарға арналған мемлекеттік қолдау туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Іс-шараның мақсаты:
Жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, студенттердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, жұмыссыздықтың алдын алу, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламаларға белсенді қатысуға ынталандыру.
Сонымен қатар жастарды «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Серпін-2050», «Болашақ», «Дипломмен – ауылға» және өзге де мемлекеттік бағдарламалармен таныстыра отырып, оларды тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.
