Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жазғы демалыстағы лагерь балаларына арналған кино көрсетілімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыру, олардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Кино көрсетілімі барысында балалар қызықты фильмді тамашалап, жағымды әсерге бөленді. Іс-шара соңында балалар өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерін ортаға салды.
Аталған шара балалардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және олардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға ықпал етті. Балалар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
