Төлеби Нұры жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымы өз мәресіне жетті.
Төлеби Нұры жазғы сауықтыру лагерінің екінші ауысымы сәтті аяқталды. Ауысым барысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған мазмұнды іс-шаралар өткізілді.
Лагерьде спорттық жарыстар, зияткерлік ойындар, шығармашылық байқаулар, концерттік бағдарламалар мен танымдық кездесулер ұйымдастырылып, демалушылар белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Әр күн балалар үшін көтеріңкі көңіл күйге, жаңа әсерлер мен жарқын естеліктерге толы болды.
Екінші ауысымның жабылу салтанатында белсенді қатысқан балалар марапатталып, өнерлі және үздік демалушыларға алғыс білдірілді.
Төлеби ауданының білім бөлімі лагерь ұжымына балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі үшін ризашылығын білдіреді. Барша демалушыларға көтеріңкі көңіл күй, мықты денсаулық және жарқын жетістіктер тілейміз!
