Астана қаласында өткен Кеме модельдеу спортынан Қазақстан Республикасының XXXI чемпионатында Төлеби аудандық оқушылар үйінің Кеме модельдеу үйірмесінің оқушысы Тулапбеков Үмиджан F4-A класы бойынша ІІ орын иеленіп, ауданымыздың мерейін үстем етті.
Бұл жетістік – оқушының талмай еңбектенуінің, ізденісінің және жетекшісі Кебекбаев Назарбектің кәсіби біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Жеңімпазымыз Тулапбеков Үмиджанды және жетекшісі Кебекбаев Назарбекті шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!
Жеңістеріңіз көп болсын!

от admin