Төлеби ауданында балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектеп жанындағы жазғы лагерьлер өз жұмысын бастады.
Аудан бойынша 63 мектепте ұйымдастырылған лагерьлерге 1–6 сынып аралығындағы 10 660 оқушыны қамту жоспарланған. Жазғы демалыс барысында оқушылар үшін қызықты әрі мазмұнды іс-шаралар, спорттық ойындар, танымдық кездесулер, шығармашылық байқаулар мен түрлі үйірмелер ұйымдастырылады.
Лагерь жұмысының негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау, олардың қызығушылығын арттырып, белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыру.
Бүгін алғашқы күннен-ақ оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен лагерь жұмысына белсене қатысып, қызықты бағдарламалардың куәсі болды.
Балаларға жарқын жаз, көтеріңкі көңіл-күй және қауіпсіз демалыс тілейміз!
Төлеби ауданының білім бөлімі

от admin