«Адал ата-ана – қауіпсіз балалы шақ» тұжырымдамасы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне «Қауіпсіз аула» акциясы өтті.
Орталық саябақтарға қосымша білім беру педагогтарынан құралған десанттық топ ата-аналарға баланың қауіпсіздігіне арналған жадынамалар таратты. Бала – өмірдің гүлі, болашақтың үміті. Олардың жарқын болашағы мен қауіпсіз балалық шағы ең алдымен отбасындағы тәрбие мен ата-ананың мейірімінен басталатынын түсіндіру мақсатында ата-аналармен сұқбат жүргізді.Адалдықты бойына сіңірген ата-ана – саналы ұрпақтың тірегі. Махаббат пен қамқорлыққа бөленген әр бала бақытты өмірдің иесі болмақ.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні әр шаңыраққа қуаныш, әр балаға шат күлкі сыйласын!

от admin