Түркістан облысы, Төлеби ауданының командасы АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында жүлделі марапатқа ие болды.
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 12 марапат жеңіп алып, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Жарыс George R. Brown Convention Center алаңында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен 50 000-нан астам қатысушыны біріктірді. Қазақстан атынан рекордтық 225 оқушыдан құралған делегация қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық командалар барлық санаттарда жоғары нәтижелер көрсетті.
Бұл байқауда Түркістан облысынан барған командамыз «Unearthed» тақырыбы аясында археология бағытында тың идеялар мен инновациялық жобаларын ұсынып, 4 кезең бойынша сынға түсті:
«Innovation Project» – инновациялық жобалар;
«Robot Performance» – 15 миссияны орындау;
«Robot Design» – робот дизайнын таныстыру;
«Core Values» – командалық негізгі құндылықтарды көрсету.
Түркістан облысынан барған Tolebi Daryn командасы FIRST LEGO League Challenge (10–16 жас) категориясы бойынша әлемнің ТОП–5 қатарына еніп, Champions Award финалисті атанып, жүлделі 🥈 II орынды жеңіп алды.
Бұл – өңіріміз үшін үлкен мақтаныш! Жас өнертапқыштарға, олардың жетекшілеріне және ата-аналарына шын жүректен алғыс білдіреміз!
Жастарымыздың жетістігі – еліміздің жарқын болашағы!

от admin