📌 Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар сынып жетекшілер және 8–11 сынып оқушыларына арналған маңызды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
👮♂️⚖️ Іс-шараға прокуратура мамандары мен полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, буллингтің құқықтық салдары мен алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
👩🏫👨🏫 8–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, сала мамандарына сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
🤝 Шараның басты мақсаты – оқушылар арасында қауіпсіз орта қалыптастыру, өзара құрмет пен жауапкершілікті арттыру.
