Қыз – ұлттың ұяты, елдің көркі, болашақтың айнасы. 🌸
№16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында тәрбиелік мәні зор, тағылымға толы сала мамандарының қатысуымен іс-шара өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – қыз баланың бойына әдептілік пен инабаттылықты сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әсемдік пен сұлулыққа деген талғамын қалыптастыру, сондай-ақ өзін-өзі ұстай білу мәдениетін дамыту болды.
🌿 Іс-шараға аудандық прокуратура мамандары, полиция бөлімі қызметкерлері, аурухана саласының әлеуметтік қызметкерлері мен психолог мамандары қатысты.
Іс-шара барысында ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің маңызы кеңінен насихатталды, қыз баланың қоғамдағы орны мен жауапкершілігі, құқықтық сауаттылық пен психологиялық қолдаудың маңыздылығы түсіндірілді, қатысушыларға әсерлі бейнероликтер ұсынылып, мазмұнды ой-пікірлер айтылды.
🌷 Сала мамандары тарапынан өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қыз балаларға бағыт-бағдар беріп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
👑 Қазақта «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деген терең мағыналы сөздің аясында бүгінгі іс-шара – сол ұлағатты ұғымның жарқын көрінісі болды.
