2026 жылғы 14 қаңтар күні Қ.Тыныбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде
«Мектеп ұжымындағы қалыпты әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыруда қолданылатын психотехникалар» тақырыбында психологиялық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп ұжымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру мен сақтауға бағытталған тиімді психотехникаларды таныстыру және меңгерту, педагогтар мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту, эмоционалдық тұрақтылықты арттыру және ұжымдық ынтымақтастықты дамыту.
Іс-шара барысында 7–11 сынып оқушыларымен психологиялық сағат өткізілсе, күннің екінші жартысында мектептің педагогикалық ұжымына арналған бранч-тайм форматындағы әдістемелік көмек көрсету іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта ауданның барлық білім беру ұйымдарында жалғасын табады деп жоспарлануда.
