Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекемелердің педагог-психологтарына арналған әдістемелік көмек беру сағаты өткізілді.
🎯 Тақырыбы:
«Балалардың эмоциялық-еріктік өрісіндегі агрессивті күйді төмендетуге бағытталған психологиялық әдіс-тәсілдері»
Іс-шараның мақсаты – педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, балалардың эмоциялық-еріктік өрісін реттеу бағытындағы тиімді психологиялық әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру.
Семинар барысында қатысушылар:
💬 эмоционалды интеллектіні дамыту,
🌈 агрессиялық мінез-құлықты түзету,
🏖️ Арт терапиясы мен релаксациялық әдістерді қолдану бағытында өзара тәжірибе алмасты.
Мұндай кездесулер педагог-психологтардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыстың сапасын арттыруға зор үлес қосады. БАЛ
