Мемлекеттік қызметтерді көрсету – бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдылық бере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнамаға сай, сапалы әрі қолжетімді көрсетілуін тұрақты бақылауда ұстап келеді.
Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 400-ге жуығы облыстық деңгейде жүзеге асырылады.
2026 жылдың I жартыжылдығында облыс бойынша барлығы
13 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 98%-ы электронды форматта ұсынылған. Бұл өз кезегінде өңірде цифрландыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының сақталуына қатысты 139 бақылау іс-шарасы жүргізілді.
Оның ішінде профилактикалық бақылаулар, арыздар бойынша жоспардан тыс тексерулер және уәкілетті орган тапсырмалары бар.
Ең жиі анықталған бұзушылықтар қызмет көрсету тәртібін сақтамау, жұмыс мерзімін бұзу, қызмет көрсету мерзімін сақтамау бойынша орын алған.
Бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары, жеке тұлғаларды тіркеу және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелген.
Бұдан бөлек, Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша 2026 жылдың 6 айында жалпы 440 өтініш түскен.
Осы ретте, Департаменттің ден қою шаралары негізінде
850 азаматтың құқығы қалпына келтірілді (жоспарлы тексеру – 529, жоспардан тыс тексеру – 20, сыртқы байқау – 257, сұрау салу – 44),
оның ішінде: денсаулық сақтау саласы – 477, білім саласы – 258,
жер қатынастары саласы – 63, сәулет-қала құрылысы саласы – 52.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда:
• өңірлік «Turkistan TV» арнасында «Елге қызмет» арнайы бағдарламасының 4 шығарылымы эфирге шықты;
• мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 87 семинар,
9 тікелей эфир, 6 интернет-конференция және 73 жәрмеңке өткізілді;
• 15 қоғамдық кеңес отырысы және 28 қоғамдық бақылау ұйымдастырылды;
• мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 22 бастамашылық ұсыныс әзірленді.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен пікірлеріне жедел әрекет ету мақсатында «EgovKZBot 2.0» Telegram-боты арқылы
32 өтінішке түсіндірме берілді.
Аталған жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Айта кету қажет, Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Ержан Нағызханұлы ҚАРЫМСАҚОВ
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

от admin