«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 🇰🇿 «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тақырыбында Кемеқалған округінде орналасқан мектептердің 7-11 сынып оқушыларымен полиция қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығының мамандары қатысуымен профилактикалық бағыттағы іс-шаралар өткізілді.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру , құқықбұзушылық пен теріс қылықтардың алдын алу , жасөспірімдердің бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді нығайту болып табылады.
💬 Кездесу барысында мамандар оқушыларға қоғамдағы тәртіп пен заңға бағынудың маңыздылығын түсіндіріп , құқықтық жауапкершілік, интернеттегі қауіпсіздік және зиянды әдеттердің салдары жөнінде пайдалы ақпарат берді . Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығының өкілдері жасөспірімдерді белсенді өмірлік ұстанымға , азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштікке шақырды.
