Төлеби аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы депутаты ретінде екі жыл бойы атқарған жұмысым мен үшін үлкен тәжірибе болды, сайлаушыларым алдында есеп бердім. Менің сайлау алды бағдарламам аудандағы медициналық мәселелерді шешуге арналған болатын.
Нақтырақ:
1. Төлеби ауданындағы жедел жәрдем бекеттерінде арнайы автотранспорттар жаңартылды, оның ішінде Ленгер қалалық жедел жәрдем бекеті 4 жаңа Хюндай автокөлігімен толықтырылды, бұл 100% ды құрайды, ал Төлеби аудандық бекетінде 7 бригада қызмет көрсетеді, оның бірі дәрігерлік бригада, бұл бекетте 4 жаңа Хюндай және таулы аймақ екенін ескере отырып 1 УАЗ Патриот автокөлігімен толықтырылды, сонымен қатар жедел медициналық жәрдемнің қолжетімділігін арттыру мақсатында, Алатау ауылдық округінен қосымша бір бекет ашылды.
2. Ауданымыздағы медициналық мекемелердің құрал жабдықпен қамтамасыз ету деңгейі 82,8%-дан 85,1%-ға жоғарылады.
3. Осы екі жыл көлемінде ауданымызда 5 медициналық нысандар салынып, қолданысқа берілді. Алғабас, Екпінді және Жамбыл ауылдарында Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Ал Шұбарағаш және Жаңакүш ауылдарында инвестициялық жоба ретінде екі медициналық пункттері салынды.
4. Аудан бойынша тағы 6 фельдшерлік-акушерлік пункттердің жер телімдері анықталып, құрылысқа қажетті құжаттар толығымен дайындалып, биыл салынатын нысандардың қатарына қосылды.
5. Аудандық мәслихаттың қазіргі құрамы сайланып жұмысқа кіріскелі бері 25 сессия өткізілді, онда 141 мәселе қаралды. Осы мерзімде тұрақты комиссиялардың 68 отырысы болды. Жолданған жалпы депутаттық сауалдар саны 113, оның ішінде 7 сауал жеке менің жолдаған депутаттық сауалдарым. 15-тен аса қоғамдық қабылдау өткізіліп, тұрғындардың мәселелері шешілді.

I’ve learn some just right stuff here. Definitely value bookmarking for revisiting. I surprise how a lot effort you place to make the sort of excellent informative website.
Thanks for helping out, excellent information.