Мерекелік іс-шараны қызмет алушы Р.Нышанғали «Ассалаумағалейкум» әнімен бастады. Мекемемізден түлеп ұшқан қызмет алушыларымыз Халықаралық дәрежедегі пара биден спорт шебері, Әлем кубогының иегері, Азия жеңімпазы, Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше жеңімпаздары Ермек Қалымбетов пен Айдана Муканова «Бразилия самба» атты биін билеп қонақтардың көзайымына ие болды. Келген қонақтарға балаларымыз О.Вретиков пен Ә.Әлжанқызы «Арыстан патшасы» биін орындап, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік іс-шараны орталығымыздың қызмет алушыларынан құралған «Ақ жүрек» би тобының «Алға Қазақстан» биімен аяқтады. Мерекелік іс- шарадан кейін балаларымызды Төлеби ауданының прокуратурасы Ақбастау ауылында орналасқан «Алма-тау» аймағына демалдыруға апарды.
Адамның санасында мәңгілік өшпестей естелік қалдыратын, ең керемет, ең ғажап ұмытылмастай сәттер сыйлайтын ол – балалық шақ. Балалық шақ – бір рет ғана келетін, қайта оралмайтын, сағына еске алатын ғажайып әлем іспеттес. Бүгінгі демалысты ұйымдастырған Төлеби ауданының прокуроры Абдраманов Оразалы Ералханұлына алғысымыз шексіз.