🇰🇿 Мемлекет басшысы айқындаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов аудан тұрғындарын жеке қабылдап, азаматтарды толғандырған өзекті мәселелерді тыңдады.
✅ Қабылдау барысында жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты мәселелер көтерілді. Жалпы қабылдауға 8 азамат қатысып, 10 мәселе қаралды.
✅ Көксәйек ауылдық округінің тұрғындары жер құжаттарын заңдастыру, жер учаскелеріне қатысты даулы мәселелер мен №11 «Жайлы мектеп» аумағын заңдастыру бойынша өтініштерін жеткізді. Сонымен қатар жеке жер телімдеріне қатысты сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
✅ Қоғалы ауылдық округінің тұрғыны тұрғын үй кезегіне байланысты мәселені көтерсе, Ленгір қаласының тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, апатты деп танылған тұрғын үйлердің жай-күйі және көпқабатты тұрғын үйлерде заңсыз тұрып жатқан азаматтарға қатысты мәселелерді қозғады.
✅ Сондай-ақ қабылдау барысында жеке тұрғын үйлерді жекешелендіру, Киелітас ауылдық округіндегі Қарауылтөбе көпірінің жағдайы және көршілер тарапынан заңсыз құрылыс жүргізу деректері бойынша шағымдар қаралды.
✅ Әрбір өтініш пен ұсыныс заң талаптарына сәйкес жан-жақты қаралып, жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелердің орындалуы аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынды.
📌 Тұрғындарды жеке қабылдау – халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік беретін маңызды тетік. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin