🇰🇿 Төлеби ауданында қайырымдылық пен салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен «Ihsan Qaiyrymdylyq Ligasy» қайырымдылық лигасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.
✅ Орталық «Нұр» мешіті, турнир ұйымдастырушылары және аудан жастарының бірлесуімен жүзеге асқан игі жоба жастарды спортқа баулумен қатар, қайырымдылық мәдениетін дәріптеуге, бірлік пен ынтымақты нығайтуға елеулі үлес қосты.
✅ Аудандық Жастар ресурстық орталығында өткен қорытынды шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, жастардың қайырымдылық пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларын жоғары бағалады. Сондай-ақ, олар орталық «Нұр» мешітімен бірлесе атқарылып жатқан маңызды әрі сауапты жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.
📍 Жиында Төлеби ауданының бас имамы Үсен Саурбаев сөз сөйлеп, қайырымдылық лигасының табысты өтуіне қолдау көрсеткен және оның ұйымдастырылуына үлес қосқан барша аудан жастарына алғыс айтып, ақ батасын берді.
⚜️ Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Комфорт Строй Сити» командасы;
🥈 ІІ орын – «Бауырлар» командасы;
🥉 ІІІ орын – «Ленгер Авто» командасы.
Сондай-ақ, кіші кубок иегері атанған «Жас Орда» командасы арнайы марапатқа ие болды.
📌 Бұдан бөлек, турнир барысында жоғары шеберлігімен және белсенді ойынымен ерекшеленген қатысушылар арнайы номинациялар бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
⚜️ Қайырымдылық пен спортты ұштастырған бұл жоба аудан жастарын ізгілікке, ауызбіршілікке және белсенді өмір салтына үндейтін маңызды бастама ретінде алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin