🇰🇿 Төлеби ауданы Жастар ресурстық орталығының ғимаратында қоғамдық келісім мен рухани тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды семинар өтті.
✅ Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелер жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады. Семинарға сала мамандары, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Әжелер алқасының мүшелері және қоғам белсенділері қатысты.
✅ Аталған іс-шара Түркістан облысы әкімінің орынбасарымен бекітілген дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды. Семинардың басты мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту.
✅ Кездесу барысында қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтау, жастар тәрбиесі, дәстүрлі діннің рөлі, жат діни ағымдардың алдын алу және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты талқыланды. Спикерлер рухани тұтастық пен қоғамдық тұрақтылықтың өзара сабақтас ұғымдар екенін атап өтіп, тұрғындарды ел бірлігі мен татулықты сақтауға шақырды.
✅ Семинар барысында қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу тұрғындардың діни танымын кеңейтіп, өзекті мәселелерге қатысты түсінігін тереңдете түсті.
⚜️ Рухани тұрақтылық – қоғамның берік іргетасы. Сондықтан халықтың діни сауатын арттыруға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған мұндай кездесулердің маңызы ерекше. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 




