🇰🇿 Төлеби ауданында қоғамдық келісімді нығайтуға, діни сауаттылықты арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды семинар өтті.
✅ Семинар Ленгір қалалық емханасы мен №8 көпсалалы колледж ғимаратында ұйымдастырылып, оған білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары, сондай-ақ жастар қатысты.
✅ Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелер жөнінде мазмұнды баяндамалар жасады.
✅ Кездесу барысында діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық тәрбие мен мәдени мұраны насихаттау, сондай-ақ жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
✅ Спикерлер қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауда ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі діннің алар орны ерекше екенін атап өтіп, қатысушыларға ақпараттық кеңістіктегі діни мәліметтерге сыни көзқараспен қараудың маңызын түсіндірді.
⚜️ Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 




