🇰🇿🇺🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловпен кездесу өтті.
✅ Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және туризм саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
✅ Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен инвестициялық әлеуеті туралы баяндап, туризм, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бағыттарындағы мүмкіндіктерге тоқталды. Сонымен қатар, Төлеби ауданы мен Ташкент облысының Бостанлық ауданы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның маңызы атап өтілді.
✅ Өз кезегінде Бейбіт Атамқұлов екі ел арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың нығайып келе жатқанын атап өтіп, өңірлер арасындағы байланыстарды дамыту Қазақстан–Өзбекстан ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететінін жеткізді.
📌 Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
