Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
🇰🇿 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
✅ Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мұрат еткен ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда зор құрмет пен жоғары бағалауға лайық. Кез келген уақытта халықтың саулығы үшін аянбай еңбек етіп, жауапты міндеттеріңізді абыроймен атқарып келесіздер. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, адамгершілік қасиеттеріңіз бен жанашырлықтарыңыз талай жанға үміт сыйлап, өмірге деген сенімін нығайтып келеді.
✅ Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл – қоғамдағы дәрігерлер мен медицина саласы мамандарының рөлінің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.
✅ Төлеби ауданының денсаулық сақтау жүйесінде еңбек етіп жүрген барлық дәрігерлерге, орта және кіші буын медицина қызметкерлеріне, сала ардагерлеріне аудан тұрғындарының атынан шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында халық денсаулығын нығайту жолында маңызды жетістіктерге қол жеткізіліп келеді.
✅ Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс пен кәсіби жетістіктер тілеймін. Ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Ізгі тілекпен,
Төлеби ауданының әкімі
Еркеғали Әлімқұлов
