🔹 Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мейір-Бейсс жоғары медициналық колледжде «Нашақорлыққа жол жоқ! Тәртіп — тұрақтылық кепілі!» атты семинар-тренинг өтті.

🔹 Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға нашақорлықтың қауіпті салдарын түсіндіру, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын ұғындыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

🔹 Семинар-тренингті отбасы психологы, практик психолог Марал Өмірзақова жүргізді.

🔹 Кездесу барысында есірткіге тәуелділіктің адамның денсаулығына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін зияны кеңінен айтылды. Сонымен қатар жастарға дұрыс орта қалыптастыру, уақытты тиімді пайдалану, спортпен айналысу және пайдалы әдеттерді өмір салтына айналдыру жөнінде маңызды кеңестер берілді.

🔹 Спикер нашақорлықтың салдарынан адамның өмірлік мақсаты әлсіреп, білім мен еңбекке деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ тәртіпке бағыну, өзін-өзі дамыту және жақсы орта таңдау әр жастың болашағына тікелей әсер ететінін жеткізді.

от admin