Колледжішілік «Гаухар» қыздар кеңесінің жылдық қорытынды жиыны ұйымдастырылды.
«Әдепті қыз – әдемі қыз!» атты іс-шара ұйымдастырылды.
«Біртұтас тәрбие»
Жоба аясында: «Адал азамат»
Іс-шара барысында «Гаухар» қыздар кеңесінің 2025–2026 оқу жылында атқарған жұмыстары қорытындыланып, жыл бойы ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралар мен қол жеткізілген нәтижелерге кеңінен шолу жасалды. Қатысушылар қыз баланың тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, әдептілік пен инабаттылық мәселелері төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, қыз тәрбиесіндегі отбасы мен білім беру ұйымының рөлі туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар жиынға арнайы шақыртылған аудандық «Жастар ресурстық орталығыны» КММ-нің психолог маманы М.Оразбай қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып отырған сталкингтің (қудалау мен мазалаудың) алдын алу мақсатында қыз балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сталкингтің белгілері, оның психологиялық және құқықтық салдары туралы ақпарат беріліп, әлеуметтік желілерде жеке қауіпсіздікті сақтау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, күмәнді жағдайлар туындаған кезде ата-аналарға, кураторларға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Қыз балаларға өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау жөнінде маңызды ескертулер айтылды.
