🇰🇿 Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
✅ Қабылдау барысында тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз ету, егістік алқаптарға ағын су жеткізу мақсатында Қошқарата каналын жөндеу, тұрғын үй кезегі және мешіт құрылысына жер бөлу мәселелерін көтерді.
✅ Көтерілген әрбір мәселе бойынша тұрғындарға заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, бірқатар өтініштерді шешу мақсатында жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
📌 Азаматтарды жеке қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері назарға алынып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 





