🇰🇿Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы Қаратөбе ауылдық округінен арнайы келген тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
✅Қабылдау барысында тұрғындарды толғандырған жер мәселесі талқыланды. Азаматтар өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер беріліп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды.
🔰Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер назарға алынып, оларды шешу мақсатында тиісті мекемелер мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.
©Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin