🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиадада жоғары нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті.
✅ Салтанатты жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай мен аудандық мәслихат депутаты Сәкен Мәженов Түркістан қаласында өткен облыстық спартакиадада Төлеби ауданының намысын абыроймен қорғап, командалық есепте ІІ жүлделі орын иеленуге елеулі үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметшілерге аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
✅ Іс-шара барысында марапат иелерінің спорт саласындағы белсенділігі мен аудан мәртебесін көтеруге қосқан үлесі ерекше аталып өтті. Спартакиадаға қатысушылардың табандылығы, ұйымшылдығы және жеңіске деген ұмтылысы аудан командасының жоғары нәтижеге қол жеткізуіне негіз болды.
✅ Жиын соңында марапатталған азаматтарға алдағы қызметтері мен қоғамдық жұмыстарында табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілеп, ауданның абыройын асқақтату жолындағы еңбектеріне ризашылық білдірілді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin