🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, мемлекеттік қызмет саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
✅ Аудан әкімі өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып, ел мүддесіне адал қызмет ету, халық сенімін ақтау және мемлекеттің тұрақты дамуына үлес қосу әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екенін атап өтті.
📌 Мемлекеттік қызметшінің бойынан Абай бейнелеген «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» секілді асыл қасиеттердің көрініс табуы – кәсіби біліктілікпен қатар, тұлғалық кемелділіктің де маңызды көрсеткіші. Бұл құндылықтар мемлекеттік қызметшінің өз міндетін адал атқаруына, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуіне және азаматтармен тиімді байланыс орнатуына негіз болады, – деді аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.
✅ Салтанатты жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметші аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен ардагер мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
✅ Іс-шара аясында Түркістан қаласында өткен облыстық спартакиадада Төлеби ауданының намысын абыроймен қорғап, командалық есепте ІІ орын иеленуге үлес қосқан мемлекеттік қызметшілер де аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
✅ Айта кетейік, бүгінде Төлеби ауданының жергілікті атқарушы органдарында 202 штат бірлігі бойынша мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың 28 пайызын әйелдер құрайды. Мемлекеттік қызметшілер күн сайын тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin