🇰🇿 Алматы қаласындағы «Атакент» халықаралық көрме орталығында өткен Қазақстандағы XXI Қытай тауарлары көрмесіне Төлеби ауданының делегациясы қатысты.
✅ Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков бастаған делегация ауданның инвестициялық және кәсіпкерлік әлеуетін таныстырды.
🤝 Халықаралық көрмеге Төлеби ауданынан «Балмұздақ» кәсіпорны, «Бірлік» ЖШС және өзге де жергілікті кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдері мен өндірістік мүмкіндіктерін шетелдік серіктестерге ұсынды. Көрме аясында іскерлік кездесулер өтіп, өндірістік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту және өзара тиімді әріптестік орнату бағытындағы келіссөздер жүргізілді.
✅ Мұндай халықаралық іс-шаралар Төлеби ауданының инвестициялық әлеуетін кеңінен танытуға, жаңа серіктестік байланыстарды нығайтуға, шетелдік инвестиция тартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін береді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

от admin