🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды.
📌 Күн тәртібіне сәйкес, алдымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегін жүргізу тәртібі мен тұрғын үйді жалға алу төлемдерін субсидиялау тетіктерінің жүзеге асырылуы сараланып, жауапты сала басшыларына заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыстың тиімділігін арттыру тапсырылды.
✅ Мәжілісте аудан аумағындағы автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысы да қаралды. Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын, пайдаланылатын материалдардың талапқа сай болуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
✅ Сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы талқыланды. Құрылыс нормалары мен техникалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, техникалық және авторлық қадағалауды күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
✅ Білім беру саласына қатысты мәселелер де күн тәртібінен орын алды. Мектеп ғимараттарын жаңғырту және жазғы кезеңдегі ағымдағы жөндеу жұмыстарының орындалу барысы пысықталып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық жұмыстарды уақытылы әрі сапалы аяқтау тапсырылды.
✅ Сондай-ақ әскерге шақыру науқанының орындалу барысы қаралып, жоспарлы көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
✅ Мәжіліс барысында аудан әкімінің аппаратына келіп түскен хаттардың, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жолданған өтініштердің және азаматтарды жеке қабылдау кезінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы да сараланды. Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын заңнама талаптарына сәйкес жедел әрі сапалы қараудың маңыздылығын атап өтіп, әрбір мәселені жан-жақты зерделеп, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
🔹 Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы барлық жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына берілген тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеп, олардың орындалуы өзінің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 





