Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бар мейірім – балаларға» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында демеуші «Ленгерское мороженое» компаниясының қолдауымен балмұздақтар таратылды. Сонымен қатар балалар батутта ойнап, түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысып, қызықты уақыт өткізді. Мерекелік шара аясында балаларға арнайы дастархан жайылып, ыстық тағамдар ұсынылды.
Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын насихаттау. Іс-шара соңында балаларға тәрбиелік және патриоттық мәні бар отандық фильм көрсетіліп, мерекелік кеш ерекше әсермен қорытындыланды.
Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі іс-шараның жоғары деңгейде өткенін көрсетті. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
