Түркістан облысы, Төлеби ауданының №10 жалпы білім беретін мектебінің «Barni» командасы 2026 жылғы 30 маусым – 1 шілде күндері Алматы қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge (10–16 жас) республикалық робототехника жарысында үздік команда атанып, жеңімпаз болды.
Бұл жарқын жеңістің нәтижесінде команда Қытай Халық Республикасында өтетін халықаралық FIRST LEGO League жарысына жолдама жеңіп алды.
Оқушыларымыздың бұл жетістігі – олардың табанды еңбегінің, жетекшілерінің кәсіби біліктілігінің және ата-аналардың қолдауының жемісі.
«Barni» командасын, жетекшілерін және №10 жалпы білім беретін мектеп ұжымын зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халықаралық додада да ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
Жеңістеріңіз көп болсын!

от admin