«Төлеби нұры» жазғы сауықтыру лагерінде жоспарға сәйкес спартакиада ұйымдастырылып, барлық топтар белсенді түрде қатысты. Жалпы саны 11 топ өзара бақ сынасып, спорттық жарыстарда ептілік, жылдамдық және ұйымшылдықтарын көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты дамыту және командалық рухты қалыптастыру.
Спорттық сайыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ұлдар арасында:
І орын – «Энергия» тобы
ІІ орын – «Алаш» тобы
ІІІ орын – «Орда» тобы
Қыздар арасында:
І орын – «Достық» тобы
ІІ орын – «Бойтұмар» тобы
ІІІ орын – «Жалын» тобы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдірілді.
