Төлеби ауданының «ТӨЛЕБИ НҰРЫ» балалар жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері табиғаттың әсемдігін тамашалап, туған өлкенің табиғи байлығымен жақынырақ танысу мақсатында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсияның негізгі мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, туған жердің табиғи мұрасын таныстыру және жазғы демалыс уақытын мазмұнды ұйымдастыру болып табылады. Саяхат барысында оқушылар ұлттық парктің табиғи ерекшеліктерімен танысып, қоршаған ортаны аялаудың маңыздылығы туралы құнды мәліметтер алды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында экскурсия барысында Төлеби аудандық полиция бөлімінен арнайы ілеспе көлік бөлініп, жол қозғалысы қауіпсіздігі толық бақылауға алынды.
Осындай тағылымды шаралар балалардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың танымдық көкжиегін кеңейтуге және экологиялық тәрбиесін нығайтуға зор ықпал етеді.
Төлеби ауданының білім бөлімі
