«Төлеби – Қылмыссыз өңір» жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «ТӨЛЕБИ НҰРЫ» балалар жазғы сауықтыру лагерінде «Көңілді старт» спорттық жарысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың ептілік, шапшаңдық, төзімділік қасиеттерін дамыту, сондай-ақ ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Жарыс барысында лагерь тәрбиеленушілері түрлі спорттық эстафеталар мен қызықты сайыстарға қатысып, өздерінің белсенділіктері мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Қатысушылар тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап, жеңіске деген жігерлері мен командалық рухтарын таныта білді.
Мұндай спорттық шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына, жауапкершілік пен өзара қолдау дағдыларын қалыптастыруға зор ықпал етеді.
✨ Балалардың жарқын күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйге толы өткен жарыс қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.
