2026 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, білім алушылардың патриоттық рухын нығайту және азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында ауданның барлық білім беру ұйымдарында «Рәміздер рухы – Конституция күші» тақырыптық іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шаралар аясында мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызын насихаттауға бағытталған сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, танымдық кездесулер, викториналар, көрмелер, флешмобтар және патриоттық акциялар өткізілді.
Мазмұнды шараларға білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар қауымдастығы белсенді қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруға және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етті.
🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы!

от admin