1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Цифрлық кеңістіктегі балалардың қауіпсіздігі» атты онкүндік аясында «Кітап құшағында – бақытты балалық» тақырыбында табиғат аясында кітап оқу күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар таза ауада сүйікті шығармаларын оқып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Табиғаттың әсем көрінісі мен кітаптың сырлы әлемі үйлесім тауып, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырды.
Шараның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету. Кітап оқу арқылы жас ұрпақтың ой-өрісі кеңейіп, таным көкжиегі арта түседі.
Кітап пен табиғат – бала тәрбиесіндегі ең асыл құндылықтардың бірі. Балалық шақтың ең жақсы серігі – кітап!
Балаларымыздың балалық шағы бақытты, болашағы жарқын болсын!
