Бүгін Төлеби ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ленгер қаласындағы №7 IT мектеп-лицейі базасында «Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында аудандық ата-аналар форумы өтті.
Форумға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев, Төлеби ауданы прокуратурасының прокуроры Бексұлтан Маратұлы, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы Сұлтан Бердадинұлы, аудандық Әкелер мектебінің төрағасы Мырзақұл Аленұлы, Білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы, сондай-ақ ата-аналар, білім саласының мамандары мен қоғам белсенділері қатысты.
Іс-шара барысында мектеп психологтары қатысушылармен сауалнама жүргізіп, түрлі психологиялық тренингтер ұйымдастырды.
Форум барысында отбасы құндылықтары, жасөспірімдердің қауіпсіздігі, ата-ана жауапкершілігі және психологиялық қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.
Білім бөлімінің басшысы Шұға Тұрмаханбетқызы өз сөзінде бала қауіпсіздігі мен тәрбиесі – барша қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Қатысушылар тәрбиелік көріністер ұсынып, спикерлер мазмұнды баяндамалар жасады.
Ашық пікір алмасу алаңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.
Форум соңында биылғы оқу жылында республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алған білім алушылардың ата-аналарына Алғыс хаттар табысталды.
Форумның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана мен қоғам жауапкершілігін арттыру және өскелең ұрпақтың жарқын болашағына бірлесе үлес қосу.

от admin