Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында 2026 жылдың 13–15 мамыр күндері аралығында «Адал ата-ана — Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылуда.
Жиналыстың негізгі мақсаты — оқу жылының аяқталуына орай балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу.
Күн тәртібінде қаралған маңызды мәселелер:
Оқу жылының аяқталуына байланысты білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау;
Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу барысында артық шығындарға, банкет ұйымдастыруға, қымбат автокөліктер жалдауға және басқа да орынсыз әрекеттерге жол бермеу;
Балалардың түнгі уақытта бақылаусыз жүрмеуін қадағалау;
Судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау;
Жол қозғалысы ережелерін орындау;
Интернет қауіпсіздігі мен кибербуллингтің алдын алу мәселелері.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, «Адал ата-ана — Қауіпсіз балалық шақ» бірыңғай ата-аналар жиналысының қорытынды кездесуі 2026 жылдың 18 мамыр күні №7 IT мектеп-лицейі базасында өткізіледі деп жоспарлануда.

от admin