Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Психологиялық алдын алу жұмыстарының заманауи формалары» тақырыбында интервизия форматындағы тәжірибелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мектептердегі психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, алгоритмге сәйкес тиімді жүргізу, сондай-ақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Кездесу барысында мамандар психологиялық алдын алу бағытындағы заманауи әдіс-тәсілдермен, тиімді тәжірибелерімен бөлісіп, өзара кәсіби қолдау мен тәжірибе алмасу алаңын қалыптастырды.
Интервизия форматындағы іс-шара педагог-психологтардың кәсіби ынтымақтастығын нығайтып, білім алушылардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге мүмкіндік берді.
