Жасөспірімдер қауіпсіздігі – ортақ міндет: өзекті мәселелер талқыланды.
Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Бұл бағытта білім беру ұйымдары мен жауапты мекемелердің бірлескен жұмысы ерекше маңызға ие.
🔹 Осы мақсатта Төлеби ауданында маңызды кездесу ұйымдастырылып, өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара аясында мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп психологтары және аудан прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен ақылдасу сағаты өтті.
🔹 Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылып, нақты ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары қарастырылды. Мектеп психологтарының рөлі ерекше атап өтіліп, балалармен жүйелі психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі көрсетілді.
🔹 Осындай бірлескен жұмыстар қоғамдағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге және жас ұрпақтың қауіпсіз әрі саналы ортада тәрбиеленуіне ықпал етеді.
✍️ Төлеби ауданының білім бөлімі.

от admin