Ауданымызда «Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында маңызды ақпараттық семинар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар және аудандық емхана ауруханасының әлеуметтік қызметкерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оларды болдырмау және осы бағыттағы салааралық өзара іс-қимылды жандандыру болды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, нақты жағдайлар бойынша тиімді жұмыс жүргізу жолдарын талқылады.
🔹 Ведомствоаралық байланысты нығайту
🔹 Алдын алу шараларын жетілдіру
🔹 Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Осындай бірлескен жұмыстар арқылы өскелең ұрпақтың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

от admin