Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Психологиялық қолдау орталығының директорының орынбасары Баймұханбетова Мөлдір Зайнуллақызы бастаған әдістемелік топтың қатысуымен педагогикалық-психологиялық қызметтің өзекті бағыттарына арналған әдістемелік көмек семинары өтті.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты — мектептерде оқушылардың психоэмоционалдық қысымын төмендету, негативизм мен агрессияның алдын алу, әлеуметтік кедергілерді жеңу, сондай-ақ өзін-өзі бақылау және реттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша тиімді тәсілдерді талқылау.
💬 Семинарға ауданның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар және педагог-психологтар қатысып, тәжірибе алмасып, оқушылардың психологиялық әл-ауқатын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер мен шешу жолдарын қарастырды.
✨ Бұл семинар мектептегі психологиялық қызметтің сапасын арттыруға және білім беру ұйымдарындағы қолайлы эмоционалды орта қалыптастыруға зор үлес қосады.

от admin