Бүгін, Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласы күніне орай «Сүйікті қалам Ленгірім» атты мерекелік іс-шара өтті. Алдымен аудандық Ардагерлер үйінде бастау алған шара Төлеби баба стелласының ашылумен жалғасын тапты.
Қаланың өсіп-өркендеуіне ғана емес, демографиясына да үлес қосқан әжелер дөңгелек үстел басына жиналып, тәлімді, өнегелі әңгімелерін ортаға салды. Ауылдың алты ауызын шырқап, бата берді.

Одан кейін Төлеби ауданының 90 жылдығына және Ленгір қаласы күніне орайластырып Төлеби баба стелласының ашылуы салтанатты түрде ел игілігіне пайдалануға берілді.

«Сүйікті қалам Ленгірім» атты мерекелік іс-шараға аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев сөз сөйлеп, қала халқын мерекемен, көрнекі нысанның ашылуымен құттықтады.

Айта кетерлігі, экспозициялық кешенде Төлеби бабаның суреті бейнеленіп, нақыл сөздері жазылған. Стелланың ұзындығы 18,5 метр, биіктігі 4,5 метрді құрайды.
Осы мерекеде аудандық мәдениет үйінің әншісі Милана Юлдашева «Менің Ленгірім» әнін әуелетсе, аудандық әжелер кеңесінің мүшелері, ақ кимешек киінген әжелерден құралған «Данагүл ана» ансамблі әсем әндерін қала күніне арнады.

от admin

4 комментария к «СҮЙІКТІ ҚАЛАМ ЛЕНГІРІМ»
  1. Очень полезная информация спасибо. Основными преимуществами мелбет являются щедрые бонусы, обширная линия ставок на спорт и высокие котировки.

  2. Посмотрим, что будет дальше. На сайте olimpbet есть возможность наблюдать прямые видеотрансляции различных популярных событий.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *