Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде «ХХІ ғасырда әйел, бір жағынан, сұлулық пен ізгіліктің бейнесі болса, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, ару-ларымызға тән ғажайып үйлесім, айрықша ұмтылыс, әр іске деген шығармашылық көзқарас, еңбекқорлық пен жауапкершілік – ұлтымыздың жаңа болмысын нығайтатын қасиеттер!»,-деп түйіндеген болатын.
Осындай бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған аруларымыз түрлі салаларда қызмет етіп жүр. Азаматтық қорғау органдарында да мұндай жігері мықты, жауапкершілігі жоғары әйелдер қауымы да жетерлік. Осындай нәзік жанды арудың бірі- Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің қаржы және мемлекеттік сатып алу қызметінің басшысы-бас бухгалтер Надира Умбеталиева.
Надира Әділханқызы ОҚО Түлкібас ауданында дүниеге келген. Жалпы орта мектепті тәмамдағаннан соң Қазақ гуманитарлық заң университетіне оқуға түсіп, қаржы мамандығын меңгеріп шықты. Осы мамандық бойынша алғашқы еңбек жолын қалалық екінші поликлиникасынан бастап, одан әрі Гидрогиологиялық-мелиоративтік экспедициясы мекемесінде көп жылдар бойы қызмет атқарған.
2017 жылы Қызметтің қаржы бөліміне бас бухгалтер лауазымына қызметке келіп, 6 жылдан бері аянбай еңбек етіп жүр. Қаржымен байланысты әрбір мәселе аса маңызды, мүлт кетуді кешірмейді. Ал бұл қызметті 25 жылға жуық абыроймен атқырып келе жатқан Надира Әділханқызы ұйымдастырушылық міндеттерді жоғары деңгейде орындап, басқару және қамтамасыз етуде өзінің біліктілігін дәлелдей алған маман. Бұл кез-келгеннің қолынан келе бермейтін, жүгі мен жауапкершілігі ауыр жұмыс.
Сондай-ақ Надира Әділханқызы есептеуде алдына жан салмайтын тәжірибелі маман ғана емес, екі қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана.
Надира Әділханқызы бойындағы парызға деген адалдық, мамандыққа деген сүйіспеншілік, мінездегі қайсарлық секілді қасиеттері арқылы осындай биік белестерге жетіп отыр. Мұндай игі қасиеттер жастарымызға үлгі болары анық!
Д.Райханов,
Қызмет бастығы азаматтық қорғау полковнигі.

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *