Президент Жолдауындағы басты үн
Дәстүрге айналған Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халыққа жыл сайынғы Жолдауы биылғы жылдың 8 қыркүйегінде жарияланды.
Президентіміз ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, алдымызға жаңа міндеттер қойды.
Әсіресе, Жолдаудағы бесінші басымдық – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі – біздің ауданымыз үшін ерекше маңызды. Өйткені су – тіршіліктің ғана емес, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамудың да кепілі.
Президентіміздің: «Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі» деген сөзі осының айқын дәлелі.
Су тапшылығы – ортақ жауапкершілік
Ауданымыз биылғы жылы да су тапшылығын қатты сезінді. Егіс алқаптары мен жайылымдарда, ауыл-аймақтарда, тіпті тұрмыстағы қарапайым тұтынуда да қиындықтар туындады. Дегенмен, су азайған сайын оны үнемдеудің орнына бей-берекет жұмсау көріністері жиі байқалды.
Кейбір диқандар алдын ала ескертілгеніне қарамастан суды көп қажет ететін дақылдар егуді тоқтатар емес. Тіпті Президент атап өткендей: «Су тапшылығына байланысты қиындық болуы мүмкін екені алдын ала ескертіліп жатады. Соған қарамастан диқандар суды көп қажет ететін дақыл егуді азайтар емес. Тіпті егін суаруға қажетті суды еш рұқсатсыз, шартсыз бұрып алатын жайттар жиі кездеседі» деген сөзі бекер айтылмаған.
Бұл жағдай біздің ауданымызда да кездесіп отыр. Заңсыз ағын су пайдаланушылар, өз пайдасын ғана ойлағандардың әрекеті көпке зиянын тигізуде. Таулы өңір болғандықтан, жаз айларында демалыс орындарында су тұтыну көлемі еселене түседі. Кейбір жекелеген азаматтар демалыс аймақтарында бассейндерді толтыру үшін суды шектен тыс пайдаланып келеді. Бұған қоса, жеке тұрғын үйлердің иелері де ауыз суды ысыраппен қолдануда.
Ысырапқа жол жоқ
Су – таусылмайтын ресурс емес. Президентіміздің: «Біз қазірдің өзінде судың тапшылығын сезініп отырмыз. Ал оны тұтыну мәдениеті төмен» деген сөзі бәрімізге үлкен ой салады. Сондықтан әрбір тұрғын суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыруы қажет.
Аудандық деңгейде бізге мынадай міндеттерді жүйелі түрде қолға алу қажет:
— Су құбырлары мен каналдарды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жеделдету;
— Диқандарға су үнемдейтін жаңа технологияларды (тамшылатып, жаңбырлатып суару) енгізуді қолдау;
— Суармалы жерді пайдалануда қатаң бақылау орнатып, заңсыз су бұру әрекеттеріне тосқауыл қою;
— Шаруалар арасында суды тиімді пайдалану жөнінде тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
— Жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерді ауыз суды ұқыпты пайдаланып, ысырапқа жол бермеуге үндеу;
— Мектептер мен жастар ұйымдарында су ресурстарын сақтау мәдениетін тәрбиелеу.
Әр тамшы – болашақтың аманаты.
Құрметті ағайын!
Су – табиғаттың бізге берген ең қымбат қазынасы. Оны ысырап ету – болашақты ысырап ету деген сөз. Сондықтан баршамызды ел Президенті атап көрсеткен басымдықтарға үн қосып, су ресурстарын үнемдеуге, ұқыпты пайдалануға шақырамын.
Ауданымыздың өркендеуі, халқымыздың әл-ауқаты – осы ортақ жауапкершілікті сезінгенімізде ғана жүзеге асады.
Ендеше, әрбір тамшыны бағалайық, суды сақтайық, болашаққа аманаттайық!

Құрметпен,
Н.Қойбағаров,
Төлеби аудандық мәслихаттың төрағасы.

от admin

32 комментария к «СУ – ТІРШІЛІК НӘРІ, ЖАУАПКЕРШІЛІК БАСТАУЫ»
  1. tài xỉu 66b Người chơi sẽ được hoàn lại,25% tổng số tiền đặt cược mỗi ngày, không giới hạn tối đa. Chính sách này áp dụng cho tất cả các loại hình cá cược, bao gồm Thể Thao và Quay Số (Saba), giúp giảm thiểu rủi ro và tối đa hóa lợi nhuận.

  2. đăng ký 66b Thông tin cá nhân của người chơi được bảo mật với bất kỳ bên thứ ba nào khi không có sự đồng ý của bạn. Mọi dữ liệu người dùng cung cấp khi đăng ký tài khoản hoặc thực hiện giao dịch đều được lưu trữ an toàn chỉ được sử dụng cho mục đích duy nhất là phục vụ khách hàng tốt hơn.

  3. xn88 casino áp dụng công nghệ bảo mật tiên tiến, trong đó có công nghệ mã hóa SSL 128 bit. Đây là tiêu chuẩn bảo mật hàng đầu, thường được sử dụng bởi các ngân hàng và tổ chức tài chính lớn, giúp mã hóa toàn bộ thông tin cá nhân, giao dịch của người chơi. Nhờ đó, các dữ liệu quan trọng của bạn sẽ được bảo vệ khỏi nguy cơ bị xâm nhập hoặc đánh cắp bởi đối tượng xấu.

  4. Đặc biệt, game 188v còn thường xuyên cập nhật thêm phiên bản mới lạ để phục vụ hoàn hảo nhu cầu khách hàng. Các sản phẩm luôn đảm bảo quy trình kiểm tra kỹ lưỡng, nghiêm ngặt trước khi tới tay người chơi nên bạn hoàn toàn yên tâm.

  5. Đội ngũ quản trị của 66b club luôn giám sát hệ thống một cách liên tục. Mỗi giao dịch, từ nạp tiền đến rút tiền, đều được kiểm tra cẩn thận để đảm bảo an toàn tuyệt đối. Nhờ vào các biện pháp bảo mật tiên tiến này, nhà cái đã xây dựng được lòng tin từ hàng triệu người chơi trên toàn thế giới.

Добавить комментарий для slotjos Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *